Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырыңыз.
Компьютердің пайдас Компьютердің зияны
1
2
3
4
5
6
Вот текст
Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдаушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.
Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, түрлі әуен тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар тіпті компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатқан сияқты.
Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Мәсе¬лен, қазіргі күні ғалам¬торда бала¬ларды кішкене күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зо쬬былыққа тәр¬бие¬лейтін қара ниетті сайт¬тар¬ бар. Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін.
Негізінен, қазір бала¬лардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние.