Мәтін бойынша диалог құрастыр. Диалог 5 сұрақтан құралуы қажет. Оқылым. Мәтінді мұқият тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күй – қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы
жеткізген.
Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі
десе де болады.
Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы
Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы,
халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған.
Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап,
домбырашылық өнерін жетілдірген,өнер сайысына түскен. Құрманғазының
алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақкиік»,
«Көбікшашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.
Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал
облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі
Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра
ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз
заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала
және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы
Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз
домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең
тараған күйлері: «Әсемқоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Анабұйрығы»,
«Бұлбұл», т. б.