Қосымша ақпарат тап.Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге
келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева
Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атагын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап
шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі
Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған.
1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-
құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса
бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының
және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің
иегері. Дәл сол жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ Серік Қонақбаевқа бұйырған.
Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980),
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін
жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-
тан 600-ге дейін өсті. Бұл казак боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары
Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт
клубынын, ҚР кәсіпқой бокс федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт
қорының президенті болды. Ол казір казақ туризм және спорт академиясының профессоры,
Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған,