Мұхтар.Әуезов жетім шығармасынан алған ой және әсер. ​


Мұхтар.Әуезов жетім шығармасынан алған ой және әсер. ​

nikitamarar2177 nikitamarar2177    2   30.03.2021 11:48    7

Ответы
afver8 afver8  29.04.2021 11:56

Мұхтар Әуезовтың “ Жетім” әңгімесінен алған ойым:

Адамды мейірімді болуға, жанашыр және адамгершілікке тәрбиелейтін шығарма. Әңгімеде өмірде бізге ата-анадан асқан жақын адам жоқ екенін анық көрсетеді. Бала ата-анасы жоқтығынан көп қиыншылықты бастан кешеді.

Жетімге көмек берудің орнына, Иса Қасымға көп жамандық жасап, өгейлігін бетіне басты. Дана халқымыз “ Жетім көрсең жебей жүр” деп бекер айтпаса керек, сондықтан жетімдіктің ащы қиындығына әрең шыдап жүрген адамға, қамқорлық пен мейірімділік керек.

Өкінішке орай Қасым ондай мейірімділікті ала алмады, керісінше қорлық көріп, қашып келіп ата-анасының жерленген орына келіп қаза тапты.

Әсерім:

Шығарманы өте әсерлі етіп бейнелеген, оқығанда жетімдіктің қиыншылығын бастан кешкендей әсерге енесің. Қасымның тағдырын керемет бейнелегені соншалық, көзіңе еріксіз тоқтаусыз жас келеді екен. Балада бәрі жақсы болып кетеді деген үміт, соңына дейін көкейімді самсап қоя берді. Бірақ... әттеген-ай!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi