ҰлыЖібек Жолы–Қытай жерінен басталып, ҚиырШығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан(Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары –әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кезкелген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдармен қару-жарақтар, киім-кешекпенер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан(Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суябпен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер басқосып, сауда қарым-қатынасын орнататын. Етістіктерімен кестені толықтыр/Заполни таблицу глаголами. Осы шақ Келер ша УМОЛЯЮ ОЧЕНЬ