«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл жол Еуропа мен Азияны байланыстырған сауда жолы болған. Ұлы Жібек жолының бойында Қазақстан жерінде орта ғасырдағы ірі қалалар дамыған. Жібек жолындағы тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту
Мәтіннен септеулік шылаулар бар сөйлемді тап. Септеуліктің астын сыз.
Тапып беріңіздерші өтініш