Кыстырма создерды пайдаланып асык такырыбына ангиме курау

muckanvicktoria muckanvicktoria    3   09.07.2019 10:00    0

Ответы
kimas98 kimas98  06.08.2020 21:35

Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.

Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.


Кыстырма создерды пайдаланып асык такырыбына ангиме курау
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi