Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап, Көне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері Римнен (Колизей), Веронадан, Помпейден, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі Италияның), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар.
Құрылыс тас кесек, кірпіш және түрлі бетон қоспаларынан салынған. Колизей амфитеатры гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау мақсатында тұрғызылған

:')