Күнде кешқұрым, өрістен мал қайтатын кезде, бала-шаға табынның алдынан шығамыз. Жан сақтап отырған бір-бір сиырымызды тосып алып, үйге айдап
келеміз. Әдетте, ала сиырды қарсы алуға Рамазан екеуміз шығатын едік. Бір
күні Рамазан сырқаттанып қалды ма , есімде жоқ, қолыма жіңішке бір
шыбықты ұстай салып жалғыз кеттім.
Табын сайдың ішіне жайылады. Қарындары шеңбірек атып тойынған мама
сиырлар қара жолдың бойымен шұбап келе жатыр. Бұзауын сағынған
құнажындар жіңішке дауысымен өңешін соза мөңіреп, мен келе жатырмын
деп, хабар беріп қояды.
Біздің ала сиыр өзін маңғаз ұстайды, жөн-жосықсыз мөңіремейді. Екеуміз
бірімізді-біріміз алыстан танимыз. Маған келе жатырсың-ау дегендей ала сиыр
алдыма түсіп, айдалуға бейімделе береді.
Жалаңаш аяғыммен жолдың май шаңын бұрқ-бұрқ кешіп, қаннен-қаперсіз
сиырдың соңында келе жатырмын. Қай жермен қалай жүріп отыруды ала сиыр
өзі біледі. Жолда колкоздың ат қорасы бар. Ат қораға жақындап қалған кезде
жауын сатырлап жауып кетті. Мен қораға кіріп кеттім. Жауын жауа қоймайды
ғой деп жалаңаш шыққан едім. Тақтайдың жарығынан сығалап едім ала сиыр
артына бірер қарап, бөгелгендей болып еді, енді ол да көрінбей кетті
Мәтінді мұқият оқып, 5 сұрақ құрастыр
2. Әңгімеде сиырдың түсі қандай?
3. Не үшін колхоздың қорасына кірді?
4. Әдетте ол қасына кімді ерітетін еді?
5. Сиырдың төлі қалай аталады?