Көмек тесіндерш берем «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым Тапсырма Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Өткен жұмада Аян деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Аян екеуміз соны қасымыздағы балаларға айттық. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2] Тұжырым Дұрыс Бұрыс 1 Хайуанаттар бағындағы тасбақалар біршама үлкен екен. 2 Сұңқар мен бірқазандар тордың сыртына жайғасыпты. 3 Екі дос қарапайым қарлығаштың әнші құстарша сайрағанын естіп, таңғалады.
2. Мәтіндегі екі дос өздерінің танымдық білімдерін қолдана алды ма? Осы жайлы ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]
Жазылым Білім алушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Жазба жұмысын орындау керек.
1. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз.
2. Сіз отбасыңызбен бірге аяқ астынан саяхатқа шығу керек болдыңыз. 3 күнге өз сынып жетекшіңізден сұрануыңыз керек. Осыған байланысты өтініш (сұрану себебі, уақыты көрсетілу керек) жазыңыз.
2)Екі дос сабақта тыңдап алған қызықты мәліметтерді есіне түсіріп , басқа балаларға айтады.Өз танымдық білімдерін керек уақытта қолданады.Осы мәтінде балалар жануарлар туралы танымын үлкейтіп жатыр.
1)
1.Ақиқат
2.Жалған
3.Ақиқат
2)Екі дос сабақта тыңдап алған қызықты мәліметтерді есіне түсіріп , басқа балаларға айтады.Өз танымдық білімдерін керек уақытта қолданады.Осы мәтінде балалар жануарлар туралы танымын үлкейтіп жатыр.