«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты Ж4. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу Ж5. Мәтіннің ішінен сын есім және зат есім тіркестерін ажыратып сұрақ қоя білу, мағыналық, тұлғалық қасиетіне байланысты талдау жасау ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы • Жазылым құрылымын сақтайды, шығарманың морольдік құндылықтарын қорытып жазады • Үндестік заңын ескеріп, сауатты жазады • Мәтінге лингвистикалық талдау жүргізе алады Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану Орындау уақыты: 15-20 минут 1-тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, ой қорыта отырып ықшамдаңыз. (70-80 сөз) Мәтін Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып қүйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға кысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен салған күйі. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана же