Составить диалог! на тему: диалог с вежливыми словами!

savchenko29 savchenko29    1   23.05.2019 01:00    2

Ответы
ulllyyy2010 ulllyyy2010  18.06.2020 16:33

ответ: Сыпайы сөздерді қатыстырып, диалог құрастыру.

- Анашым, сәлеметсіз бе! Мектептен қарным ашып келді, түскі ас дайын ба?

- Сәлеметсің бе, құлыным. Әрине, тамақ дайын, киіміңді ауыстырып, қолыңды жуып кел. Барлығымыз отырып, түскі ас ішейік.

- О, қандай керемет! Анашым, менің сүйікті тағамымды әзірлепсіз!  

- Иә, ботам, сені қуантайын дедім.  

- Дәмі тіл үйіреді, көп рахмет сізге! Қолдарыңыз дерт көрмесін!

- Рахмет, жаным.

- Өте дәмді болыпты бүгінгі тамақ! Бірақ сіз қашанда дәмді қылып әзірлейсіз ғой! Мен де өскенде сізге ұқсап, тағамның түр – түрін пісіріп үйренгім келеді!

- Ас болсын! Әрине, сәл өскен соң үйретермін бәрін де.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi