IV ті
ра
е
Біздің заманымызға дейінгі
ІV ғасырда Карияны билеген
Мавсол патша египеттік фараон-
дар секілді тірі кезінен бастап-
ақ өзіне мазар салуды қолға ала-
ды. Галикарнас қаласында тұр-
ғызылған бұл кесенені салуға ең
атақты сәулетшілер мен мүсін-
шілерді алдырады. Мавсол пат-
ша дүние салған соң, кесене салуды оның әйелі Артемисия
патшайым жалғастырады. Құрылыс біздің заманымызға де-
йін 350 жыл бұрын аяқталды. Оның сыртқы бейнесі сол кез-
дегі үздік сәулет үлгілерінің біріне жатады. Кесене 3 қабаттан
тұрады. Бірінші қабат мәрмәр жалатылған кірпіштен салын-
ған. Екінші қабатта 36 бағана бар. Жоғары бөлігінде 4 атты
арбада отырған Мавсол патша мен оның жұбайының мүсіні
орналасқан.
Кесененің атағы жер жарғаны соншалық ғалымдар
оны ерте замандағы жеті кереметтің қатарына қосады.
XVIII ғасырда кесене жер сілкінісінен қирайды. Түріктер
осы жерді иемденген соң, мұнда қазіргі Бодрум бекінісі
салынады. 1857 жылы қазба жұмыстары жүргізіліп, кесене
орнынан Мавсол мен Артемисияның және олар отырған
арбаның мүсіні табылады. Қазіргі таңда бұл ескерткіштер
Британ ұлттық мұражайында сақтаулы.Осынын ишинен тирек создер тауып жазындар КЕРЕК