тапсырма. Берілген тұрақты тіркестерді фразеологиялық антоним бойынша орналастыр: салт басты, жүрек жұтқан, айы оңынан туды, көңілі суыды, дегбірі қалмады.

Сабыр етті

Үйлі-баранды

Жолы болмады

Қоян жүрек

Бауыр басты

2-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің синонимдік сыңары бойынша орналастыр: соқырға таяқ ұстатқандай, қыдыр дарыған, сағы сыну, сақалын сипап қалу, көрер таңды көзімен атырды.

Көз шырымын алмады

Бақ қонған

Тайға таңба басқандай

Тауы шағылу

Тақырға отырып қалу

3-тапсырма. Берілген мақал мен мәтелдерді ажыратып, өз бағанына орналастыр: 1.Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда. 2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 3. Екі қораз ен қораға сыймас. 4 Таза ауа – жанға дауа. 5. Кісідегінің кілті аспанда. 6. Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар. 7. Семіздің аяғы сегіз. 8. Жарлының байлығы – денінің саулығы. 9. Семіздікті қой көтерер. 10. Оқусыз білі жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Мақалдар

Мәтелдер

4-тапсырма. «Сөздің көркі - мақал» тақырыбына эссе жаз. Эсседе кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім қамтылуы керек. 15-20 сөйлем.

DanilNaumov DanilNaumov    3   28.10.2020 08:40    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi