Интервью с акыном ( с любым ) 5 вопросов,и 5 ответов.ответы должны состоять из 5 предложений. 98

podzigunandrey3 podzigunandrey3    3   02.05.2019 17:50    2

Ответы
Безликая009 Безликая009  09.06.2020 06:33

Жүрсін Ерманмен сұхбат.

Журналист: Қайырлы күн, Жүрсін аға!

Жүрсін Молдашұлы: Сәлеметсіз бе!

Журналист: Өзіңізбен ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақындар айтысын қайта жаңғырту мен оны теледидар мен радиода насихаттау ісінде айтарлықтай жұмыстар атқарған қоғам қайраткері ретінде бүгінгі сұхбатымызға қатысып отырғаныңызға алғыс білдіреміз!

Жүрсін Молдашұлы: Иә, ақындарды 1984 жылдан үлкен сахнаға шығарып, халық өнерін, ұлттық рухты көтеруге тырыстым. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, “Қазіргі айтыстар” жинағын құрастырдым.

Журналист: Жалпы, ағасы, өзіңіздің қолдауыңызбен 80 жылдары айтыс өнері қайта жанданғандай болды. Осы кездегі айтыс өнері жайлы не айтасыз?

Жүрсін Молдашұлы: Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты.

Журналист: Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 80-ші жылдардағы айтыс өнері мен қазіргі айтысты салыстыруға бола ма?

Жүрсін Молдашұлы: 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті.

Журналист: Сұхбатыңызға көп рахмет! Халық қазынасы саналатын айтыс өнерінің дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін халықтың атынан рахмет айтамыз!

Жүрсін Молдашұлы: Сізге де көп рахмет!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi