Себеп салдар жалғаулықты табыңыз
А) менен
В) әйтпесе
С) өйткені
Д) түгіл
Е) тұрсын
2.Нақыл сөздегі жалғаулықты көрсетіңіз
«Өнер- білім бәрі де оқуменен табылған»
А) өнер- білім
В) бәрі
С) де
Д) оқуменен
Е) табылған
3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз
А) 22 наурыз күні біз демаламыз
В) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
С) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады
Д) Табиғат адамға бәрін береді
Е) Табиғатты аялайық.
4. Жалғаулық шылауды табыңыз
А) тірі ме?
Б) өмір-ай
С) жақсылық туралы
Д) қыз және ұл
Е) тау
5. Қарсылықты жалғаулық шылауды табыңыз
А) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.
В) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды
С) Олар біресе ойнайды, біресе отырады
Д) Бүгін ерте шықтық, бірақ сабақтан сонда да қалып қойдық.
Е)Біз кешке сабақ оқимыз және теледидар көреміз.
6. «Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау тобына жататынын анықтаңыз.
А) қарсылықты
В) демеулік
С) септеулік
Д) шартты
Е) жалғаулық
7. Дұрыс қолданған шылауды табыңыз
А) жұмыстан соң
Б) тойға кейін
С) менен қатар
Д) жұмыстан қатар
Е) мектепке соң
8.Талғаулықты жалғаулықты анықтаңыз
А) бірақ, сондықтан
В) мен, пен, бен, және
С) әлде, немесе
Д) қатар, бірге
Е) кейін, басқа
9. Кезектес жалғаулық шылауын табыңыз
А) арқылы
В) түгіл
С) туралы
Д) және
Е) бірде
10. Абайдың шын аты кім?
А) Мұхамедканафия
ә) Сәдуақас
б) Ибрагим
в) Ақжігіт
11. Абай неше ағайынды болған?
А) 6 ә) 7 б) 8 в) 9
12. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерді ата
А)
ә)
б)
в)
13. ... Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Көзімнің қарасы»
ә) «Бойы бұлғаң»
б) «Құлақтан кіріп бойды алар»
в) Сегіз аяқ»
14. Абайдың қара сөздерінің саны қанша?
А) 44
ә) 43
б) 42
в) 45
15. Абай қай жылы дүниеден өтті?
А) 1903
ә) 1904
б) 1905
в) 1906
16. 2020 жылы Абайдың туғанына қанша жыл болды?
А) 160
ә) 155
б) 175
в) 165
17. Тура мағыналы сөзді тап.
А) қара тас В) жуас кісі С) тас жүрек Д) терең ойлы Е) ыстық ықылас
18. Тура мағыналы сөзді тап.
А) Ат арылту В) Ат сату С) Ат ойнату Д) Ат салысу Е) Ат ізін суытпау
19. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
А) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды. В) Айман оған жылы лебізін білдірді.
С) Түнгі ауа салқындай бастады. Д) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.
Е) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.
20. Көп мағынаға ие бола алатын сөзі тап.
Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.
А) аспан В) қанат С) құс Д) қалықтау Е) анық
21. «Суық хабар» асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр.
А) көптен күткен В) сүйініш С) қайғылы Д) қуаныш Е)күтпеген
22. Ауыспалы мағынадағы сөзді тап.
А) шалғай ауыл В) ақ қар С) кең сынып Д) жазық дала Е) құрғақ сөз
23. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
А) Қолындағы малын ермек етіп отыр. В) Кіші інісі мектеп бітіргелі жатыр
С) Оның әжесі көп ертегі білетін
Д) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.
Е) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.
24. Қай сөйлемде «қара» сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?
А) Олар қара тастан үй тұрғызды. В) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.
С) Хат қара сиямен жазылыпты.
Д) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.
Е) Ол бүгін қара костюмін киіпті.