Хатшепсут перғауынның есімі неліктен тарихта әйгілі болды​

Hjlüüä Hjlüüä    3   21.10.2020 15:37    0

Ответы
sanydrr1 sanydrr1  20.11.2020 15:38

Хатшепсут (б.з.д.1490/1489—1468, б.з.д.1479—1458 немесе б.з.д. 1504—1482 ) — Ежелгі Мысырдың XVIII династиясының Жаңа патшалығының әйел-фараоны.

Хатшепсут деген есім қазақшаға аударғанда «Салихалы әйелдердің алдыңғы қатарында жүретін» деген мағынаны білдіреді. Фараон таққа отырғанға дейін де осы атпен аталған.

Хатшепсут Мысырды гиксостардың жорығынан кейін қалпына келтіріп, бүкіл елінде көптеген ескерткішьерді орнатқанымен тарихта қалған. III Тутмос, Эхнатон, Тутанхамон, II Рамсес және VII Клеопатрамен бір қатарда тұрған Мысыр билігінде болған ең әйгілі фараон болып саналады.

Ескендір Зүлқарнайнның Мысырды басып алғанның алдында Хатшепсуттан басқа Мысырды билеген 4 әйел-фараонның аттары тарихта қалған, олар: Мернейт (Меритнейт), Нитокрис (Нейтикерт), Нефрусебек (Себекнефрура) және Таусерти.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi