Өзге емес, өзім айтам оз жайымда, Жүрегім жалын атқан соз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын,
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
көрінер көлеңкесі келбетімде.
қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде...
Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс алақұйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін?!
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
шумақ саны
бунақ саны
тармақ саны
ұйқас түрі​

xbusxj xbusxj    1   09.04.2021 10:09    1

Ответы

не істеу керек? осы жерде тук жазылып турган жок кой

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi