Граматикалақ тапсырмаларды орындаңдар. 1. қалау рей дегеніміз не? жасалу жолдарын түсіндіріңдер 2. қалау райдың тəуелденуі мен жіктелуіне назар аударып , бірнеше мысал келтіріңдер. подауйста .

matveyxhi matveyxhi    2   24.09.2019 07:20    1

Ответы
saule844007 saule844007  10.09.2020 15:48
1. Қалау рай- іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді. Қалау рай:
1) Етістікке–ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып , кел көмекші етістігімен тіркесіп жасалады. Мысалы: Менің Астанаға барғым келеді. Оның теледидар көргісі келеді.
2) Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы : Сен досыңа хат жазғайсың.
3) Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп жасалады.
Мысалы: Анам қаладан келсе екен . Ағамды көрсем екен .
4) Шартты рай тұлғасына игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: Ата жолын қуса игі еді.

2. Біздердің бақытты болғылар–ымыз келеді. Жолай Мейрамбекті кездестіргей-сің. Менің досым болса екен. Жазылып кетсе игі еді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi