Эссе на тему балаларға арналған сайттар

Темирлан2003 Темирлан2003    3   21.01.2021 17:02    6

Ответы
ElenaAristova1501 ElenaAristova1501  21.01.2021 17:10
Еркетай сайты ең алдымен балалар мен ата-аналарға және балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып ұстаздарына керекті мақалалар берілген. Сайтта мақалалар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.Еркетай сайтында сіздер ана мен бала денсаулығына қатысты әр түрлі керекті ақпараттар таба аласыздар. Сайтта сіздер қазақ халық ертегілері мен мақал-мәтелдерін,нақыл сөздерін, балаларға арналған тақпақтар мен балаларға арналған өлеңдер оқып, балалар әндерінің минусовкаларын көшіріп,балабақшада ойналатын балаларға арналған ойындар туралы және дебалалар туралы қызықты ақпараттар оқып, мультфильмдер көріп, балаларға арналған көрнекіліктерге тапсырыс беруіңізге болады. Мұнымен қоса сайтта бастауыш сынып ұстаздары және балабақша тәрбиешілері сабақ жоспарларын немесе ашық сабақтары мен сценарийлерін жариялап тегін сертификат алуына болады. Сондай ақ сіздер осы сайттың тақырыбына сәйкес өз мақалаларыңызды сайтта жариялай аласыздар.Көріңіздер, оқыңыздар сайттың кемшілік тұстарымен ой пікірлеріңіз болса ұсыныс пікірлеріңізбен, сындарыңызды аямаңыздар.Бізге сіздердің барлық ой пікірлеріңіз маңызды.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi