Оқылған мәтін негізінде диалог құрыңыздар.Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге ауыстырып жазыңыздар. 8-тапсырма 108-бет
Жай сөйлем түрлерін қолданып, театр өнері мен мәдениеті туралы таныстырылым жаса.

Вот текст: Театр өнері–ең алдымен драмалық әдеби шығарманы сахнада интерпретациялау өнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы актер, құралы–оның ойыны. Актер рөл арқылы драматург пен режиссердің ойын академиялық сахнадағы барлық нәрсені іске қосып, оларға театрлық көркемдік береді. Театр қойылымының шындыққа сәйкестігі декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты. Сахнада пейзаж, қала көрінісін, бөлме ішін дәл беруге болады. Слайда, актер өз ойыны арқылы оларға тіршілік тынысын бере алмаса, олардың бәрі солған күйінде қалады. Сондықтанда актерлік шеберлік ерекше таланттылықты талап етеді. Актер дикция, интонация, мисика, пластика, жест сияқты көркемдік құрал-тәсілдерді жете меңгеруі қажет. Ол өзінің өмірілік тәжірибесіне сүйене отырып, драматугртың жеткізе алмағанын көрерменге жеткізіп, мәнін аша түседі. Бұл актердің әрі орындаушы, әрі жасампаз тұлға екенін аңғартады.
1928 жылы қазақ драма театры Алматыға көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдастырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені – қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.
1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі. Ұлы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтің „Сын сағатта“, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің „Намыс гвардиясы“, Сәбит Мұқановтың „Жеңіс жыры“, Әлжаппар Әбішевтің „Найзағай“ мен „Қырағылық“ атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.
Театрдың маңызды ерекшелігі–творчестволық актінің көрерменің көз алдында орындалуында. Егер кинода көрермен творчестволық процестің нәтижесін ғана көрсе, театрда ол осы процестің өзін бақылайды. Кинода көрермен мен актер арасында шынайы байланыс орнаты мүмкіндігі шектелген, ал спектакль көрерменге көркем шығарманың астарлы сырын танытқандай болады. Спектакльден ләззат алудың бір құпиясы осында жатыр.
Театр табиғаты жағынан–ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш-жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

konoki1982 konoki1982    3   07.04.2021 08:21    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi