Дара толықтауышқа, күрделі толықтауышқа, үйірлі толықтауышқа, тура толықтауышқа , жанама толықтауышқа əр қайсына 2 сойлемнен құрау керек!

b00777 b00777    3   06.08.2019 21:50    10

Ответы
Olgaekolesnik Olgaekolesnik  31.08.2020 10:35

Толықтауыш - баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.

Толықтауыш құрамына қарай бір сөзден ғана болып дара толықтауыш және бірнеше сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден құралып күрделі толықтауыш болып бөлінеді.

Дара толықтауышқа мысалдар:

Атасы баласын (кімді?) шақырды.

Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.

Күрделі толықтауышқа мысалдар:

Табиғатты қорғауды (нені?) өзіңнен бастау керек.

Мен келе жатқандарға (кімдерге?) көзімді сығырайта қарадым.

Үйірлі толықтауыш - үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады.

Мысалы: Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай екіге бөлінеді:

1.Тура толықтауыш:

- сабақты етістіктің алдында келеді;

- табыс септігінде болады.

Мысалы:

Әлия бөлмедегі гүлдерді (нелерді?) күнде суарады.

Ол медицина академиясын (нені?) биыл бітіріп келді.

2. Жанама толықтауыш:

- салт етістіктің алдында келеді;

- барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде болады;

Мысалы:

Мен кешкісін Нұрбекке (кімге?) телефон соғқтым.

Ол маған (кімге?) Мансұрмен (кіммен?) сөйлесу керектігін айтты.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi