Дүние шыр айналып бара жатқандай. Лақап көп. Бүгін бірі, ертең екіншісі топ етіп түрмеден бір-ақ шығады. Не үшін, қандай кінəмен
10-аудиометін
түсті? Айтпайды, кейін түсінесің дейді. Өкеледі, қамайды, жапты, бітті
.
Түрмедегілердің ішінен өздеріне қандай айып тағылғандарын нақты
айтып беретіні аз. Біреу түртті, куә бар, ала жөнелген. Бұжай колхоздың
сиыр фермасын басқарған. Сиырлары қысыр қалған. Бар жазығы осы
ақ! Яғни, зиянкес. Иманқұл даланың тағы қоянынан шаруашылығында
қоян фермасын құрмағаны үшін отырғызылған. Ерден баласын сүндетке
отырғызғаны үшін айыпты, өйткені өзі органның адамы бола тұра ескішіл,
Өмірдің айыбы тіптен зор. Ол - Ахмет Байтұрсынұлының інісі. Демек,
«жау», Окелді, жапты, қамады, себебі ағасымен хат жазысып тұрған.
Жүсіпназар... өзі емес, өнері кінәлі. Бар айыбы
ән салғандығы...
Қосымшасы үйін тінткенде Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып
Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Шәкәрімнің өлеңдері, ескі қисса-
дастандар, тіптен сорақысы сандығынан «Құран» кітабы шыққан.
Тұтқындардың делосы осы тектес. Түрмедегілер бірін-бірі жұбатқан
болады, алдарқанады. Мойымайтыны - Жүсіпназар. Тамағын түбіт
шөлімен орап алады да, әнге басады. Күйіктің өні! Рас, іштерінде
күйректеуі, жасықтары да жететін. Тіптен зоры, Ғалиевтің «тыңшылары»
да осылармен аралас қоңсы, бірақ олар НКВД-ның камерасында ұзақ
қонақтамайды. Бұлар кетісімен камерадағылар қатары сиреп қалушы еді.
Тұтқын не басқа жаққа жөнелтілетін, не... Осы «не» деген сөздің астарында
көп мән бар, түрмедегілердің көпшілігі 58-статьямен айыпталатын.
Мәтінде адамның қандай құқығы бұзылған? Өз көзқарастарыңды білдіріңдер