Тмд елдері ішіндегі алғашқы мұхитбақ астана қаласында ашылды. бұл – мұхиттан 3 мың шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум. мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2000-нан аса данасы əкелінген. мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құбырлар, 34 күшті сорғы, 6 құм сүзгісi, судың қ құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп тұратын су тазартқыш мұхитбақ мекендеушілерінің өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. мұхитбақ үлкен аквариумнан жəне əртүрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме бөлімінен тұрады. мұхитбақтың ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. оның түбінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек өткел бар. əйнегінің қалыңдығы – 7 см. осы суасты өткелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қолсозым қашықтықта серуендеп жүре аласыз. мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі қтарды көріп тамашалауға болады.
мәтін мазмұнындағы деректерге 'кластер' әдiсiн қолданың