 МаринаКот365000 
                                                27.08.2019 11:10
                                                
                                                МаринаКот365000 
                                                27.08.2019 11:10
                                             ладаседан6 
                                                13.06.2019 20:20
                                                
                                                ладаседан6 
                                                13.06.2019 20:20
                                             mcmorgana 
                                                13.06.2019 20:20
                                                
                                                mcmorgana 
                                                13.06.2019 20:20
                                             buzovkina81 
                                                01.08.2019 22:20
                                                
                                                buzovkina81 
                                                01.08.2019 22:20
                                             ПовелительницаCтихий 
                                                16.10.2020 09:56
                                                
                                                ПовелительницаCтихий 
                                                16.10.2020 09:56
                                             KRMP037 
                                                16.10.2020 09:56
                                                
                                                KRMP037 
                                                16.10.2020 09:56
                                             almar80 
                                                16.10.2020 09:55
                                                
                                                almar80 
                                                16.10.2020 09:55
                                             nogtev70 
                                                20.03.2019 13:00
                                                
                                                nogtev70 
                                                20.03.2019 13:00
                                            
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күш тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді. Сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшік қылғаным жоқ елден. Қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар. Фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, — деді де жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:
— Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
Сонда ойыма түсіп, таң қалып:
— Сен Антонбысың? — дедім.
— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.