Берілген мәтінді оқып, 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыз Қазақстанның ең үздік балалар фильмдерінің бірі - «Менің атым Қожа».
Бұл – сотқар бала туралы комедиялық фильм. Қазір ондай тентектерді «қиын
бала» деп атайды. Өзіне күлкілі көрінгенімен, жолдастарына жақпайтын
қылықтары үшін үлкен кісілерден үнемі ұрыс естіп жүрген бас кейіпкер кейде
өзінен ересек жолдасының арқасында жайсыз оқиғаларға тап болады. Повесте
кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты
оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға
талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп
ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның
балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі
сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға
арнап өлең де шығарады. Қожа жазушы болуды армандайды.
Фильм желісіне Бердібек Соқпақбаевтың әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған «Менің атым Қожа» атты әйгілі повесі арқау болған. Жазушы
фильм сценарийін Ниссон Залеранскиймен бірге жазған.
«Менің атым Қожа» 1960 жылдардың бас кезіндегі қазақ ауылдарының
біріндегі совет тұрмысы бейнеленген. Белгілі жасқа толған бала атаулы пионер
қатарына өтіп, мектепте қызыл галстук тағып жүруі тиіс. Ол кезде ауыл
шаруашылық жұмыстарына жіберу – колхоз немесе совхозға көмек қана емес, жас
ұрпақты еңбекпен тәрбиелеудің бір түрі ретінде де қарастырылатын.