Судың үш күйі болады : сұйық - су , қатты мұз , газ - бу . Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады , ал қайнағанда ол буға айналады . Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды . Ол кеуіп кетеді . Неліктен ? Себебі күн суды буландырады . Күн қатты ыстық , ал жапырақтар , өсімдіктер неге қурап кетпейді ? Себебі , ол тамырмен су сорып , оны буландырып жібереді . Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді . Ащы су бұл теңіз , мұхит сулары , ал тұщы су өзен , көл , жер асты сулары . Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су , 2л тұщы су екен . Көл суларының кейбірі ащы , кейбірі тұщы суға жатады . Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі . Ондай ойысқа су толса , көл пайда болады . Көлемі әртүрлі . Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды . Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді . Балық ауланады , ауыз су алынады , мал суарылады . Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл . Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр . Тереңдігі - 800 м . Балық көп . Құбырдан алынған су 100 % таза бола бермейді . Ол өзеннен хлор қосылып , тазартылып келеді . Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен . Ол - су , шай , шырын , сусын , минералды су . Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек . Себебі , қайнамаған кейде гипатит ауруына шалдығып жатады . Оның құрамында микробтар болуы мүмкін . 1
2
4
3​

aspier2016 aspier2016    1   15.03.2021 14:27    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi