Батыр бауыржанның ұстанымы​

SonyaCarrol SonyaCarrol    1   23.02.2021 05:36    0

Ответы
duyquhuseynli11 duyquhuseynli11  23.02.2021 06:00

Қаламын жүрекке, жүрегін ақиқатқа малып ап жазған Бауыржан Момышұлы әскери, тарихи, әдеби салада мол мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсынұлы тіл мен әдебиет теориясын негіздеп беріп кетсе, Момышұлы соғыс теориясын жазды. Профессор Момышұлы шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі – «Соғыс психологиясы». «Соғыс психологиясы» – әлемдік әскери ғылым еншісіне қосылған теңдессіз еңбектің бірі. Бәлкім бірегейі. «Соғыс психологиясы» – соғыс теориясы. Әдебиет үшін Байтұрсынұлының «Әдебиеттанытқышының» орны қандай болса, әскери ғылым үшін «Соғыс психологиясының» орны сондай. Одан бір мысқал да кем емес. Бауыржанның батырлығы туралы айтылды. Бірақ, оның ғалымдық қыры һәм әскери ғылым саласына қосқан үлесі туралы жүйелі сөз айтылған жоқ. Оны айту оңай да емес. Қандыкөйлек досы Дмитрий Снегин Момышұлына: «Ученый, писатель, военный историк» деп баға берген. Баукеңше айтқанда бұл – «Үлкен баға». Баласы Бақытжанның айтуына қарағанда Момышұлының мұралары әлемнің 12 мемлекетінің әскери мектептерінің оқу бағдарламаларына енгізілген. Бірде маған Мекемтас Мырзахметұлы: «Бауыржанның атында алғаш әскери мектеп ашқан Израиль. Біз Баукеңнің атындағы мектепті Израильден кейін аштық», – деп еді... «Соғыс психологиясы» – іргелі, күрделі еңбек. Оны тұтас талдауға менің әскери білімім жетпейді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi