Бұлбұл мен емен Ерте, ерте, ертеде бұлбұл жасыл желегі жайқалған бақта сазды әуенімен төңіректі тербетіп, емін-еркін күй кешіпті. Бұлбұл көктемнің әрбір тұнық таңында үздіге ән салып, жеміс ағаштарының тынысты кеңіткен хош иісті гүлдерінің арасында жаннат өмірінің рахатына шомылып жүреді. Емен бұлбұлдың әніне ұйып, мізбақпай, бірқалыпты өсе беріпті. Өр мінезді еменнің тәкаппарлығына алғашқыда бұлбұл ренжіп
қалады.
«Бір өзінің айдалада жалғыз өскені несі?», «Жалғыз ағаш орман емес»,
деген сөздің жаны бар ғой» деп, еменге өз ойын жасырмай айтады да.
Бұны естіген емен қапаланған жоқ.
Бұлбұл, - деді емен, - осы тақылеттес сөздерді бір бүгін естіп жүрген жоқпын. Бірақ жалғыз өссем де, жалғыз-жарым жолаушыға күн қақты кезде көлеңке, көк қыраушақта ықтасын боламын.
Көңілге қонған сөзді естіген бұлбұл нәзік жаны риза болып, бақ ішіне қайта ұшып кетіпті. Сол кезде қорғасын бұлттар төмендеп, сатыр-сұтыр найзағай ойнап, аласапыран дауыл тұрыпты. Бақта өсіп тұрған ескі ағаштар сынып, жас өскіндер иіліпті. Бұлбұл қорған боларлық ық таба алмай, теңізде жөңкіген жеп-жеңіл қайықтай, дауылды желдің еркінен
шыға алмапты.
Көрер күні бар екен, әйтеуір, әлгенде ғана тілдесіп қайтқан еменнің бір
бұтағына аяғы ілініп, аман қалыпты.
Дауыл басылып, айналаға күн сәулесін қайта шашып, көкжиекте
кемпірқосақ көрінген шақта бұлбұл үн қатыпты.
-Емен, сен менің өмірімді сақтап қалдың. Бұл жақсылығыңды еш
ұмытпаспын. Сенің арқаңда өмірге қайта келгендей болдым. Енді не дейін. Сен айдалада жалғыз өссең де, желдің өтінде тұрып, маған қорған бола алдың. Тамырың тым тереңде екен. Мың жыл жасайтындығыңа күмәнім жоқ. Тек беймезгіл келген балташының жалаңдаған балтасынан тәңірім сақтасын. Сол үшін қабығың қатты болсын, - депті.
Содан бері еменнің қабығы қатты, балта өтпестей мығым болыпты.
Өз түсінген мазмұнын жазу
1.Негізгі және қосымша ақпарат табу.
2.3жабық сұрақ құру
Қол үшін беріндерші.
ответ:Бұлбұл кімге ренжіп қалды?
Бұлбұл қалай еменді құтқарып қалды?
Объяснение: