8-тaпсырмa. Өзіңізге ұнaғaн бір көркем фильмге пікір жaзыңыз.

17-тaпсырмa. «Мaғaн ұнaғaн сaхнaлық қойылым» тaқырыбынa эссе жaзыңыз

прррр11 прррр11    2   29.10.2020 21:54    0

Ответы
qwert2017y qwert2017y  28.11.2020 21:55

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі. Қойылым

Сабақтың мақсаты. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету, сыйласып, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Қатысушылар: Автор, Кемпір, Шал, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.

- Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.

- Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)

Балалар, ертегі не жайында?

- Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен.

Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді).

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.  

Тәрбиеші:Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал : Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір: Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!

Шал: Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Тәрбиеші:Кемпір қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян :Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ : Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Тәрбиеші : Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:  

Бауырсақ:

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.

Қоянның тапсырмасы: Бауырсақты қайда, не үшін қойды?

Тәрбиеші: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ : Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Тәрбиеші: Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ :    

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған

Қасқыр : жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып  алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

Тәрбиеші:Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.  

Аю : Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.    

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!

Тәрбиеші: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі: Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Тәрбиеші: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ:

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!  

Түлкі: Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында

Объяснение:

17-тапсырма.Маған осы қойылым қатты ұнайд

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi