«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Қиял әлемі.

Көлік және жол белгілері. Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология

Тындалым мен айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.

2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмунына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз

және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]

1-мәтін

Қиял құдіреті

Қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамга беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиялдай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дарытылмаған.

Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен а қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды.

Адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата ананың парызы. Оның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз. Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық. Бірақ бұл дайын өнім. Кейіпкерлерінің түр-келбетін, барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді. Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық рөлі зор. Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді. Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады. Демек сәби үшін мультфильмге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ. Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға, ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді. Басқалай айтқанда, дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады.

2-мәтін

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.

көмектесіп жіберіңдерш​

shesasha66 shesasha66    1   15.03.2021 18:44    3

Ответы
AlinaLay AlinaLay  14.04.2021 18:46

1)Мәтінде қиял туралы айтылған

Объяснение:

дұрыс па дұрыс емес пе білмеймін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi