Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) ЖОО, мамандық, болашақ
В) Жұмысбастылық, еңбек, білім
С) Адамдар, білім, студент
Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]
2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Мамандық түрлері туралы
В) ЖОО туралы статистика
С) Студенттерді оқыту
Д) Болашақ мамандықтар туралы [1]
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
А
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 100-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар даярлайды.

В
Болашақта 180 жаңа мамандық дүниеге келеді

С
Жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады

[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/алмастырады, алады, оқытады, даярлайды/
Сарапшылардың айтуынша болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын . [1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Ең алдымен қандай қасиеттерге көңіл бөлінеді? [1]
Оқылым
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым
Шын
Жалған
А
Бас кейіпкердің туған ағасы бар

В
2010 жылыБразилиядаөткенОлимпиадада чемпион атанады

С
Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр

[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
қиындықпен (антоним) - [1]
көп сөйлемейтін (синоним) - [1]
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар
Реті
А
Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды

В
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек

С
Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді

[1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет? [1]

Жазылым (60-80 сөз)
1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
2. Жер байлығына аяулы көзқарас. Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз

еаае1ьп еаае1ьп    3   18.03.2020 17:33    40

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi