«Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, постер не сызба-кесте жасаңыз. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің барлығы кездеседі, 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. 2007 жылғы мәлімет бойынша республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - 2 орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие.
Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.