1-тапсырма. Оқулықтағы 227-беттегі 5-тапсырмадағы қайталау тапсырмаларын орындаңыз. Сұрақты нөмірлеп тек жауабының әріпін ғана жазыңыз. Мысалы: 1 – 2, Барлығы- 10 ұпай.

2-тапсырма. «Наурыз күні қандай күн?» сауалына жауап беретіндей сөйлем құрастырыңыз. Сөйлем ішінде еліктеу, бейнелеу сөздерді қолданыңыз. Сол сөздердің астын сызыңыз. Талап орындалған жағдайда- 3 ұпай. Ескерту: егер бұл талап орындалмаса ұпай қосылмайды!

3-тапсырма. Мына сөйлемдерді жеке-жеке шылау түрлеріне ажыратып көшіріңіз және жалғаулық шылауының астын сызып көрсетіңіз . 4 ұпай.
Сүттен құрт, кілегей, қаймақ, сарымай сияқты өнімдер алынады. Ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Егер жөтелсең өрікке бал қосып же. Олар аз отырды, бірақ көп нәрсені аңғарған сияқты. Әбілқайыр әрі ойланып, бері ойланып осыған бел буды. Сен оқыдың да білім алдың, ұстаз көрдің. Бал өте сіңімді, сол себепті шипалы тамаққа жатады.
Септеулік шылаулы сөйлем: (мұнда екі сөйлем болуы керек!)
Ыңғайластық жалғаулықты шылаулы сөйлем:
Қарсылықты жалғаулықты шылаулы сөйлем:
Шартты жалғаулықты шылаулы сөйлем :
Себеп-салдарлық жалғаулықты шылаулы сөйлем:
Талғаулықты жалғаулықты шылаулы сөйлем:

4-тапсырма. «Фаст-фудтың зияны» туралы өз пікіріңді нақты дәлелдеп, шағын мақала жазыңыз. Мақаланың құрылымы толық, яғни кіріспесі, негізгі, қорытынды бөлімі болуы қажет. 3 ұпай.
Ұсыныс: Мақалада тақырып несімен өзекті, зияны неде, зияннан қалай арылуға болады, ол үшін не істеу керек, оны немен алмастырумызға болады, жұртшылықты неге шақырамыз деген сияқты сауалдарды қамтысаңыздар жөн болар еді...

lydavika755 lydavika755    2   15.03.2021 11:06    0

Ответы
kmay11 kmay11  14.04.2021 11:08

дым түсінбедім

Объяснение:

американец

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi