Қазақ киносы қазақ тарихы тақырыбына
эссе керек

ananaaaas11 ananaaaas11    1   18.10.2020 21:32    8

Ответы
TPROfesorT TPROfesorT  17.11.2020 21:33

Объяснение:

Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыз­дысы – кино!” Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге өз өзектілігін жойған жоқ. Жоймақ тұрмақ, бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет әлемді ауызға қаратудың жаңа тәсіліне аяқ басты. Оны мәдени-идеологиялық майдан дер едік. Мұнда жеңіске жеткендер Кеңес Одағы сынды тұлабойы толған қару империяның өзін бір оқ шығармай, мұрттай ұшыра білді. Неге? КСРО-да әр фильм өндірісіне долларға шаққанда 1 миллион­дай қаржы жұмсала­тын. Ал АҚШ-та сол кездің өзінде әр кино­лентаға орта есеппен 20 мил­лион­дай қаржы беріліп жатты. Бір фильмнен алатын сцена­рист қалам­ақысы Кеңес Одағында 10 мың дол­­ларға әрең жет­се, АҚШ-та сол кез­дің өзін­де ол 500 мың долларға дейін бара­тын. Нәти­же­сін­де, Амери­ка ки­но­сы өткен ғасыр аяғында әлем­дік экранды жаула­ды. Кеңес киносы болса өз көрермендеріне өзі ие бола алмай жатты. Олай дей­тіні­­міз, сол кездегі аға-апа­лары­мыз шетел киносы де­ген­де кино­театрларға қойдай қаптай­тын. Бұл мә­дени-идеологиялық майдандағы көрінеу жеңіліс еді. Күні кеше көз алдымызда өткен осынау тарих сабағын бүгін біз әдейі еске алып отыр­мыз. Ондағы ой мәдени-идеологиялық күрестің ойыншық емес екенін қаперге салу. Бұл бүгінде де солай. Себебі, мәдениет пен өнердің көш басында аудиториясы төрткүл дүниені төріне отырғызған кино-телеэкран тұр. Бұл фактор­мен санаспаған ел, сөз жоқ, күндердің күнінде осы сала дамыған елдердің ықпалында кетпек. Экран, әсіресе, телеэкран біз жоғарыда айт­қан майдандағы бір жойқын қару. Өтпелі кезең мен дағдарыстан енді-енді ес жия бастаған қазақ қауымы бүгінде кино төңірегінде қызыл кеңірдек айтыса бастаса, онысы сол шындықты мойын­дау­дан, сол шетелдік жойқын шабуыл салдар­ларын сезуден, шошудан болуы мүмкін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi