Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл а құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, а ң бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
1.Мәтінді оқы, тірек сөздерді теріп жаз, олармен сөз тіркестер құрастыр.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
3. «Мамандықтың жаманы жоқ» -деген пікірмен келісесің бе? Өз ойыңды жаз.
4. Елімізде сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, осы мамандықтарға сұраныс неліктен артып отыр, артықшылығы неде, кестені толтыр
Мамандық Артықшылығы

5.Өзің таңдаған мамандық туралы жаз, осы мамандықты игеруге қандай жеке қасиет пен қабілет керек, қоғамға қандай пайдасы бар.

murzyeva1970 murzyeva1970    3   18.11.2020 16:21    0

Ответы
SharagaXD SharagaXD  18.12.2020 16:22

1. тірек сөздер - ұстаздық,мамандық ,Шәкірт,

2,Ұстаздықтың басқа мамандықтардан кандай айырмашылыгы бар ?

3.Мамандықтың расыменн де жаманы болмайды .Себебі , әрбір мамандық еңбекті ,маңдай терді қажет етеді.Еңбек бар жерде барлық нәрсе атаусыз қалмасы анық

4.21- ғасырда сұранысқа ие маманықтар

Мұғалім,Дәрігер,Вирусолог,Инфекционист,Химиг.Себебі бұлмамандық иелері жеткіліксіз.

Объяснение:

Жауабым пайдалы болса лучший ответ қойып басып кет

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi