Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер

Orxan1414 Orxan1414    3   13.04.2021 19:04    5

Ответы
ВанькаНер ВанькаНер  13.05.2021 19:10

Алматыда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанындағы Қа­зақстан стратегиялық зерттеулер инс­титутында “Қазақстан және қа­зіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер” атты ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция болып өтті. Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйым­даст­ы­рыл­ған ғылыми конференция ая­сында “Президент Н.Ә.Назарбаев және бүгінгі Қазақстан” атты үш томдық құжаттар жинағының тұ­сау­ке­сері өтті. Қазақстан стратегиялық зерт­теулер институты ұжымы да­йын­даған “Президент Н.А.Назарбаев и совре­менный Казахстан” атты орыс тіліндегі бұл еңбектің алғашқы то­мында негізінен еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуындағы ең ма­ңыз­ды мәселелер және сыртқы экономикалық ахуалға байланысты ой-түйіндер мен пікірлер жария­лан­ған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi