《Қазіргі таңда қандай өнерді үйренген дұрыс》тақырабына эссе керек.​

eva77772 eva77772    2   19.01.2021 07:59    0

Ответы
мария564384 мария564384  19.01.2021 08:00

Шешен сөйлеудің өнер екені – даусыз шындық! Ол жан-жақты білімді қажет етеді. Айтылатын сөздің құрылымдық сипаты, логикасы, ойды жеткізетін шеберлік, көркемдегіш құралдар мен тәсілдерді орынды қолдана білу – өнер. Оны маған арналмаған өнер екен деп жанап өтетін болсақ, онда біз өмірге қажет ең басты дүниеден құр қалар едік. Егер мұны арнайы қабілеті бар адамдар игере алады деп ойласақ, онда үлкен қателікке жол бергеніміз. Адам өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізгісі келсе, шешендік өнерді меңгеруі керек.

Шешендік өнердің қажеттілігін түсіндіру үшін оның жан-жақты сипатын, маңызын әр қырынан қарастырып көрейік. Мәселен, сіз қандай да бір маңызды істі жоспарладыңыз дейік. Егер ол сіздің жеке басыңызға ғана керек дүние болса, онда ойластырған соң үндемей іске кірісуіңізге болар еді. Ал бұл сіз жүрген ортаға болмаса қоғам мүшелеріне қатысы бар іс болса, онда сіз шешім қабылдау алдында, жұмыстың нәтижелі болуына көз жеткізу үшін көпшілік назарына ұсынғанды, жоспарыңызбен таныстырғанды орынды санайсыз ғой. Олай болса, ойыңызды барынша нақты, түсінікті, айқын жеткізу мақсаты туындайды. Міне, осы кезде айтатын ойыңызды өрнектейтін сөзді таңдау, ойыңызбен бөлісу «теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деген Абай атамыздың талабы бой көтереді. Яғни әр сөйлем уақытпен өлшенген, шекті, мағыналы да мазмұнды, көтерілген өзекті ойдың сипатын ашатын шеберлікпен берілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, шешендік шеберлік қажет!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi