АЙТЫЛЫМ 5-тапсырма. «Бөлшекте, жинақта!» Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар 1, 2, N 3 деп белгіленеді. 1-кезеңде балалар мәтіннің өздеріне тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес топ болып бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдай- ды, ой бөліседі. 3-кезенде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да, жалпы мәтін мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б.) ой- ларын жинақтайды. 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды.