ЗАДАНИЯ 2-тапсырма. Мәтінді оқы. Жоспар құр. Жанрын анықта.
Махамбеттің үй іші ұлардай шулап жатты. Мақамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға шейін жүрегі дүрсілдеп, миы шыңылдап, бүкіл өмірін көз алдынан өткізіп жатты. Ақырғы үні «Әуес» болса, ақырғы ойы «Қайран халқым!» деген екі сөзге сайды. Жантәсілім қыларда, қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып, Қараоймен арыздасты. Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет біліп бара жатты.
Жаңабергендер шідерлі аттарына келе жатты. Түстері өрт сөндіргендей әлем-тапырық. Тісі опырылып қалған ЬІқылас маңқадай мыңқылдап:
– Жақа, боталы түйені сіз жетектеңіз! – деп еді. Не істегенін енді сезінгендей, тұлданып түнеріп келе жатқан би шұбар тарландай тулады.
– Бүлінгеннен бүлдіргі алман! Менің ісім бітті!.. Мақамбеттің атын Ықлас мінгенде, Жаңаберген және ашу шақырды.
– Е, немене, қолыңдағы бастың бодауы аздық қыла ма. Жетімектеріне қалдырсаң нетті. Ықылас тоқетерінен бір-ақ қайырды. Сұлтанның әмірі осылай, биеке! Жаңаберген жым болды.
Мақамбеттің жүйрік күреңі қара беттің астында ойнақшып шыға келді.
Бағана күйеудей жаяулап келгендер астан желіккен жиендей еркінсіп, білген базыналығын жасап, тасырлата жөнелді. Қараойдың қойнауында қаралы үй жапа-жалғыз қала берді.
Әуес күйеуін құшақтап, қыздай сыңсыды. Нұрсұлтан етпеттеп еңіреді. Жас бала шырылдап, үй айнала берді.