Атмосфераның ластануы туралы мақала жазыңдар. 200-250

vita12062006 vita12062006    1   28.10.2020 18:38    5

Ответы
sachachura sachachura  27.11.2020 18:38

ответ:Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ , азот оксидтері , кеміртек оксидтері (иіс газы , хлор, формальдегид фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады.

Біздің планета атмосферасының массасы көп емес — Жер массасының миллионнан бір бөлігі ғана. Алайда, биосферадағы табиғи үдерістердегі оның рөлі елеулі. Жер шарының айналасында атмосфераның болуы біздің планетаның жалпы жылулық режимін анықтайды, зиянды ғарыштық және ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Атмосфера циркуляциясы жергілікті климат жағдайларына, ал олар арқылы — өзен, топырақ режиміне, рельефтің қалыптасу үдерістеріне әсерін тигізеді.Атмосфераның екі негізгі ластану көзі бар: табиғи және антропогендік. Атмосфераның ластануының негізгі антропогендік көздеріне отын-энергетика кешенді кәсіпорындары, транспорт, әр түрлі машина жасайтын кәсіпорындар жатады.

Ғалымдардың мәліметінше, адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде әлемде атмосфераға 25,5 млрд т көміртегі тотығы, 190 млн т күкірт тотығы, 65 млн т азот тотығы, 1,4 млн т хлорсутегі (фреон), қорғасынның органикалық қосындылары, соның ішінде канцерогенділері (онкологиялық аурулар тудырушы) түседі екен.

Газ тэрізді ластаушы заттардан басқа, атмосфераға үлкен мөлшерде қатты бөлшектер де түседі. Олар ыс, шаң, күйе. Табиғи ортаның ауыр металдармен ластануы өте қауіпті болып келеді. Қорғасын, кадмий, сынап, мыс, никель, мырыш, хром, ванадий өнеркәсіптік орталықтар ауасының тұрақты дерлік компоненттеріне айналды. Әсіресе, ауаның қорғасынмен ластану мәселесі қауіпті болып отыр.

Атмосфера ауасының ғаламдық ластануы табиғи экожүйенің жағдайына, әсіресе біздің планетамыздың жасыл қабатына әсерін тигізуде. Биосфера жағдайының көрсеткіші ретінде ормандар мен олардың жағдайын айтуға болады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi