4-тапсырма.Мәтінді тыңда. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықта. Мәтін бойынша жоспар құр. Қазақстанда екі опера және балет театры бар. Біріншісі — Абай атындағы Қазақ Мемле кеттік академиялық опера және балет театры. Бұл театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып, өз репертуарын М.Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спекта Клімен бастады. 1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді» қойылымы көрсетілді. Театрдың алғашқы құрамында театрдың қабілетті, дарынды әртістері — Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Бай сейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және баскалар болды. Кейн олардың көбі «Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері» атанды. 1944 жылдан бері театр шымылдығын жыл сайын А. Жубанов пен Л. Хамиди бірігіп жазған «Абай» операсымен ашады. «Абай» операсы атакты опера сахналарында қойылды. Екіншісі — «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театры. «Астана опера» театры «Біржан-Сара» операсымен ашылды. Ондағы басты рөлдерді Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі, тенор Ахмед Агади (Біржан релінде) мен Қазақстанның халық әртіс Нұржамал Үсенбаева (ақын Сара рөлінде) ойнады. «Астана операның» жалпы аумағы 61163 шаршы метр. Ол 4 блоктан тұрады. Жобаның авторы сәулетші Ренато Аркетти грек-рим мен қазақтың ұлттық сәулет дәстүрін жақсы үйлестірген. Ғимараттың сыртқы қасбеті «Сицилия інжуі» мәрмәрімен қапталған. Театрдың бас кіре берісі маңдайшасына қола квадрига – төрт пар ат жеккен қос доңғалақты арбаның үстінде қолына лира ұстаған сақ патшайымы - Томиристің (Тұмар) мүсіні қойылған.

ян6 ян6    2   04.02.2021 08:59    53

Ответы
Сашунязайка Сашунязайка  06.03.2021 09:02

1. Қазақстанда екі театры бар

2 Бірінші театр туралы әңгіме

3 Екінші театр туралы әңгіме

4 сипаттамасы

Объяснение:

ну я так написала

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Сива11 Сива11  06.03.2021 09:02

1-Қазақстанда екі опера және балет теарты

2-Абай атындағы Қазақ мемлекеттк академиялық опера және театры

а-тарихі

б-дарынды әртістер

Астана опера театры

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi