АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрмесін қабылдағанға дейін Астана өзін әлемдік туристік нарықтағы орнықты орталық ретінде танытып, астаналықтар үшін де, шетелдіктер үшін де өте жайлы, тартымды қалаға айналды. Ал, Қазақстан бүкіләлемдік көрмені өткізуге қол жеткізген Азияның төртінші мемлекеті ретінде жаһандық көрмелер тарихынан ойып орын алды.Әрине, шетелден келетін қонақтарды ең алдымен тұратын жері, ішетін асы, демалыс жағдайлары қызықтыратыны белгілі. Қазіргі кезде елордамызда 197 қонақ үй мен 91 хостел туристерге есігін айқара ашты. Сонымен бірге, көрме қонақтарын орналастыруға мүмкіндігі бар 18 жатақхана дайын тұр. Жатақханада тұруға ниет білдіргендер тәулігіне бар-жоғы 2-ден 5 мыңға дейін ақы төлейді. Бұған қоса, елорданың әртүрлі аудандарынан 10 мың аса жайлы, құны қымбат пәтерлер де дайындалды.