« Астана - мәдениет пен өнер ордасы » , « Қуат көзін үнемдей білеміз бе ? » бөлім бойынша жиынтық бағалау . 1.Оқылым . Мәтінді түсініп , оқыңдар . « Астана Опера » мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды . Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы : « Зауыттар мен жолдар салатын ел , берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады . Мектептер мен аурухана салатын ел , ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді . Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді » , - деген еді . Есілдің сол жағалауында орналасқан « Астана Опера » театры асқақ сән - салтанатымен көз тартады . Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр . Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр . « Астана Опера » өзінің көлемімен ғана емес , сонымен қатар , әсем сәулетімен де таң қалдырады . Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады . Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген , ал Камералық зал 250 адамға арналған . Техникалық мүмкіндіктері бойынша « Астана Опера » көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес . 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы - Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы « Біржан Сара » операсымен салтанатты түрде ашты . Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз . Выпишите из текста 5 наиболее важных опорных слов .