Абайдың жастарды оқу-білімге шақыруы қазіргі заманда өзекті ме? Ақынның
шығармаларын талдай отырып, өз
ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. 40-50 сөз қысқашшшаав ​

sanyahit sanyahit    1   21.12.2020 12:58    2

Ответы
loooowaa loooowaa  20.01.2021 13:11

Қазақ тілі Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны " халық ұстазы " деп тануы бекерден - бекер емес , деп ойлаймын.Шынында , ақынның шығармашылық мұралары – халықтың рухани қазынасы , тәлім - тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді . Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - « Толық адам » етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін : Ғылым таппай мақтанба , Орын таппай баптанба . Құмарланып шаттанба , Ойнап босқа күлуге , -деген жолдарының өзінде - ақ оқу - білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу - білімге шақыру қазір де өзекті , тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия , қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес. Алайда , бiр күнiн босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның : Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан , -деп үгіт жасағым келеді . Сонымен қатар , өзін түгелімен ғылымға арнап , бірнеше тіл біліп , елімізде ғана емес , шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес . Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi