Абай Құнанбайұлы — қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси
қайраткер. Шын есімі – Ибраһим. Анасы оны Абай деп еркелеткен. Содан
бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың әкесі — Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің
балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы — Ұлжан сабырлы, тапқыр адам
болған.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында
оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет
оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал
бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули
сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен
шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи
бастаған. Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық
уақытты өз бетімен кітап оқуға жұмсаған. 2-тапсырма. Мәтін бойынша алты сұрақ құрыстырып жаз