A Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтіндерге сай негізгі тақырыпты анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты
көтерілген мәселені түсіндіріңіз де, мәтіндерге тақырып қойыңыз.
1- мәтін
75 жастағы Жорж Дау өмірін аң аулаумен өткізген. Осы хоббидің жетегімен, ол әлемнің көп түкпірін аралап
үлгерген. Қазірде оның үйі үйден гөрі жануарлар мұражайына келіңкірейді.
Аңшының коллекциясында аю, морж, керік, мүйізтұмсық, бегемот, тау ешкілері, газель, гепард, арыстан,
маймыл, піл, зебра секілді жануарлар бар,
Жорждың айтуынша, ол өзінің алғашқы киігін солтүстік Квебекте жүріп атып алған. Ол содан кейін Британ
Колумбиясына жол тартып, тағы екі жануарды өлтірген. Міне содан бері оның аңшылық өмірі
басталған екен. Жорж осы уақытқа дейін 40-қа жуық елде аңшылық қылған.
Бірнеше жылдан соң, Жорж аулап алған аңдарын қатырып, үйіне әкеліп қоюды ойға алады.
Мамандардың есептеуінше, мұражайдың құны 5,3 миллион фунт стерлингті (8,7 миллион доллар) құрайды.
(110 сөз)
2-мәтін
Өмірдерегінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың жылқышы
болғаны айтылады. Бұл, әрине, аkx таңырқай қоятын жәйт емес. Ал оның таға жинайтын әуестігі жөніндегі
сөз біршама қызықтыруы әбден мүмкін.
Жылқышының баласы екен. Ат пен ат әбзелдеріне деген құмарлық адам жанының әуелден жылқыға
жақындығынан негіз алса керек,
Таға жастайынан өмірдегі қым-қуыт әсерлерді сіңіре-сіңіре ақындық орбитасына көтеріліп кеткен ауыл
баласының сонау қаршадайда бәйгеге шапқан балғын күндерінен бергі дәнекердей сезіледі. Осылардың
ортасында ойға батып, шалқар шабытқа нәр алып отыратындай.
Ғалекең бастапқыда көзіне оттай басылып, көңілін баураған кәдімгі болат тағаларды жинастырып көрсе
керек. Бірақ бұлар қала жағдайында бірталай қолайсыздық туғызады. Содан біртіндеп тағаның кәдесый
пішініндегі түрлерінің оңтайлы екенін түсінеді. Ал іздесең, мұның алтынын да, күмісін де табуға болады,
Және өте ыңғайлы. Эстетикалық жағынан сонша тартымды.
(Құлтөлеу Мұқаш, (122 сөз)

Көмек керек берем​

sob000 sob000    2   14.12.2020 12:46    1

Ответы
Емсимася Емсимася  14.12.2020 12:50

I'd help but don't know what the answer is.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi