9-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Талғат Мұсабаев
Талғат Мұсабаев - ашық ғарыш кеңістігінде
жұмыс істеген қазақ ғарышкері. Ол «Союз-ТМ» ға.
рыш кемесімен аспан әлеміне үш рет барып қайтты.
Алғаш рет барғанда 126 тәулік, екінші сапарында
208 тәулік болды. Ал үшінші сапарында жерлесіміз
америкалық миллионер Деннис Титоны экипаж
құрамымен бірге алып ұшып, әлемде тұңғыш рет
ғарышқа саяхат жолын ашты. Талғат Мұсабаев
ғарыш стансысынан тыс ашық ғарыш кеңістігінде
жалпы мерзімі 41 сағат 21 минут болған.

«Ғылым» балалар энциклопедиясынан

Мәтіннен тәуелдік және септік жалғаулы зат есімдерді табыңдар.
Үлгі: Ғарыш - зат есім, атау септік.
Ғарышкері - ғарышкер - туынды зат есім;
і - тәуелдік жалғауы, ІІІ жақ.

sobakazabiyaka sobakazabiyaka    3   07.04.2021 15:31    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi