9. Оқы. Мәтінді оқуда сөйлеудің қай түрін қолданасын? Алматы қаласынан 70 шақырым жерде «Таңбалы тас»
деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғалардан,
өзектерден тұрады. «Таңбалы тастың» жан-жағында
сайлар, ішінде күнге әбден күйген жалпақ гранит тас
бар. Гранит тасқа таутеке, бұғы, киік,
жылқы, бұқа және басқалардың кес Таңбалы тас
кіндері қашалып салынған. Қол-
дарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған,
кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 сарбаздың* суреті
өте әдемі бейнеленген.
1:Қарамен жазылған сөздер мәтіндегі сөйлемдерді байланыс-
тырып тұрғанына назар аудар. Сол сөздерді басқа сөздермен
алмастырып айтып көр.
2:Алғашқы адамдар суреттердің көмегімен сөйлеудің қай
түрін жүзеге асырды? Ойыңмен бөліс. Ойыңды «Жазбаша сөйлеу
бірден пайда болған жоқ» сөйлемімен баста.