Дорогие умники : ) я уже долго ищю сочинение на тему моя любимая профессия на казахском языке. к сожалению я его не как и не нашол. мне нужно довольна краткое сочинение строчек 13-15 думаю хватит 20 . сочинение пусть будет на любую тему кроме учителя библиотекаря : )

Keklo12 Keklo12    1   01.06.2019 03:20    2

Ответы
Svet97 Svet97  02.07.2020 12:00
                            Менің сүйікті мамандығым - дәрігер.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi